ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕ

ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕ
Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауылдық округтерге барып, ауыл билері, қоғамдастық мүшелерімен кездесіп жатыр. Кездесудің мақсаты — елді мекендердегі мәселерді ақсақалдармен, тұрғындармен ақылдасып, бірлесе шешу.
Әр округтегі кездесудің соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау дағдыға айналған. Соның бірі Бірлесу ауылдық округінің тұрғыны 20 жылдан астам уақыттан бері егіндік жерін құжаттандыру жағына көмектесуді сұрады. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғынның өтініші аясында сол айтылған жерге барып, алқаптың қазіргі таңда бос екенін анықтады. Өтініш иесіне жерді рәсімдеудің талабы конкурс арқылы болғандықтан конкурсқа қатысу жолдарына нұсқау берді. Жаңа жылдан бері заң талаптарына өзгеріс енгенін, өзгеріске сәйкес жергілікті елді мекеннің тұрғынына конкурста басымдық берілетінін жеткізді. Сондай-ақ тиісті сала мамандары мен ауыл әкіміне тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *