ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Шаһар басшысы алдымен Әкімшілік- іскерлік орталығы Арғынбеков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер) құрылыс барысын аралап көрді. Мұнда №2 және №3 үйдің құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС, №1 және №4 үйдің құрылысын «Орион ЛТД» ЖШС жүргізіп жатыр.

Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігер мекеме төрт үйді де биыл аяқтауды жоспарлауда. Атап айтқанда, №3 үй маусым, №2 үй шілде, ал №1 және №4 үй қараша айында тапсырылады. Пәтерлердің жалпы ауданы – 14 074,0 шаршы метр.

Сондай-ақ, қала әкімі Арғынбеков көшесі үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымының құрылысын да пысықтады. Мердігер мекеме «Ынтымак Бес-Арыс» ЖШС құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.


Сонымен бірге, мұндағы жылу жүйесі – 0,629, су жүйесі – 0,363, кәріз жүйесі – 0,194 және байланыс желісі – 1,627 шақырымды құрайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *