ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШҚА КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫ АРТТЫ
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШҚА КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысындағы Сарығаш аудан шипалы суымен күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған. Аудандағы шипажайларды алыстан іздеп келушілер саны күн сайын артуда.
Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты 2021 жылы үш шипажайдың құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Осы шипажайлар арқылы жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған.
Сарыағаш ауданына өткен жылы 112 мыңға жуық турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 22 қонақ үй қызмет көрсетті. Сондай-ақ туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 300 млн. теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі