Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде
Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде
Алматыдағы блокбекетте болған жол апатынан тағы бір полиция қызметкері зардап шекті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.
«Қазіргі таңда ол №7 Қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», — деп қосты баспасөз қызметі.
Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлердің біреуі — 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол — Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.
Екінші полицей — полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол — Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyidagyi-blokbekette-bolgan-jol-apatyi-ushnsh-politsey-308824/