ТҮРКІСТАН: 120 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН РЕВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 120 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН РЕВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫ
Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 90 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,50% құрайды. Өңірде вакцнация салдыру бекеттерінің саны —150. Облыс бойынша жасақталған мобильді бригадалар саны — 341.
Қазір вакцинаның бірінші компонентімен түркістандықтар толық қамтылды. Ал екінші құрамды 1 039 738 адам қабылдады. Ревакцинацияны 119 600 тұрғын алды. Пандемия басталғалы өңір бойынша ауырғандар саны 17 989-ке жетті. Оның 9280-де ауру симптомсыз өткен.
Жалпы 900 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған. Айта кетейік, пандемия басталғалы 16064 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 1 210 585 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 1742 адам тексеруден өткен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *