ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ» АЙМАҚҚА ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ» АЙМАҚҚА ӨТТІ
Бүгінгі таңда республика көлемінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өткен жалғыз өңір. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 93 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0,51% құрайды. Бүгінде облыста инфекциялық стационарларда 809 төсек орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 34,2 % құрайды, 532 төсек-орын бос.
Пандемия басталғалы індеттің 18082 жағдайы тіркелді. Оның 9345-де симптом байқалмаған.
Қазір бірінші компонентпен 1 046 156 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 042 228 адам қабылдады. Ревакцинацияны 127619 адам алды.
Айта кетейік, пандемия басталғалы 16071 науқас індеттен толық айыққан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі