ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ САЛАСЫНДА 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ САЛАСЫНДА 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  отырысында тұрғын үй құрылысы саласындағы мәселелер қаралды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың хабарламасына сәйкес, 2021-2025 жылдар кезеңінде құрылыс материалдары саласында 1,6 трлн. теңгеге 165 жоба іске асырылмақ. -«Пайдалануға беріліп жатқан жаңа тұрғын үйлердің көбейгенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттырып, жаңа серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру қажет. Өңірлерге қатысты алсақ, ең көп жаңа инвестициялық жобаларды Ақмола (21 жоба), Түркістан (21 жоба), Алматы (19 жоба) облыстары мен Нұр-Сұлтан (26 жоба) және Шымкент (16 жоба) қалаларында іске қосу жоспарлануда», — деді Б. Атамқұлов.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қосымша ақпар берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаламыздағы тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясы саласындағы жобалар жөнінде баяндады.
«Биыл Шымкентте 1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 55 пайызға артты. Бүгінге дейін нақты 922 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалғандары бойынша тиісті құжаттар рәсімделуде, жыл қорытындысымен жоспар толығымен орындалады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 136,5 млрд. теңгеге жетеді», — деді М.Әйтенов.
Құрылыс материалдарын өндіруде Шымкентте келесі жылы 25,2 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге аспақ, бұл кәсіпорындарда 600-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Құрылыс индустриясы саласындағы ірі жобалардың қатарында санфаянс және керамикалық плиткалар өндірісі, әйнек және шыны конструкциялары шығару, үй құрылысы комбинаты бар.
Оған қосымша, Шымкент қаласында құрылыс өндірісі саласында 2025 жылға дейін 66 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 900-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *