Шешесі зообақта өз баласын аюдың торына лақтырып жіберген — видео
Шешесі зообақта өз баласын аюдың торына лақтырып жіберген — видео
Оқиға 28 қаңтарда түс ауа болған. Кадрлардан әйел қоршау маңында баласымен біраз уақыт тұрып, кейін оны қалай лақтырып жібергенін көруге болады. Осыдан кейін аң ақырын арыққа түсіп, қызға жақындайды, бірақ оған тиіспейді.
Ауруханада қыз дереу барлық қажетті медициналық тексеруден өткені айтылды.
«Ол жеңіл шок жағдайында болды. Биіктен құлағаннан оған ашық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер бақылауында, жағдайы қанағаттанарлық», — дейді дәрігерлер.
Сурет: Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінен
Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәліметінше, дерекке қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалған.