Жемқорлар Арысты қалпына келтіру үшін бөлінген ақшаға да ауыз салыпты
Жемқорлар Арысты қалпына келтіру үшін бөлінген ақшаға да ауыз салыпты
2019 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін мердігер компанияның бір топ адамы 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған.
Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағы ұрлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлады zakon.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына қатысты аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деді Биғайдаров.
Оның айтуынша, 2019 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін мердігер компанияның бір топ адамы 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған.
Ол бұл ақшаның, негізінен, Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдайдан соң бүлінген үйлерді қалпына келтіру кезінде 46 тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге бөлінгенін баса атап өтті.