ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВ ДОДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВ ДОДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістанда үш күнге созылған талантты балуандар бəсекесі аяқталды. Ерлер және қыздар арсындағы бәсеке халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. 2002-2004 жылы туған жігіттер мен қыздар арасында өткен сайыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жəне Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовтың жүлдесіне арналды.
Түркістанда заман талабына сай бой түзеген «OLIMPIC CENTER» спорт кешенінде өткен халықаралық сайысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан мен Қазақстаннан ең таңдаулы жас балуандары қатысты. Халықаралық турнирге ерлерден 410 балуан қатысса, қыздардан 110-нан астам бұрымды спортшы бақтарын сынады. 11 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Халықаралық турнирде Түркістан облысының намысын қорғап, 52 келіде өнер көрсеткен Дінмұхамед Мергенбай қола жүлде иеленді. Бұдан бөлек Қуандық Шалқар да қола медалді қанағат етті. Ал 79 келіде Елнар Шілдебай алтын медальді қанжығасына байласа, осы салмақта түркістандық Бекзат Тілдебаев пен 86 келіде бақ сынаған Иманғали Қалдыбек қола жүлдені еншіледі.

Батыр бабаның жүлдесіне арналған халықаралық сайыста Түркістан облысының дарынды балуан қыздар жарады. 50 келіде түркістандық Балжан Шəкір жеңімпаз атанып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 53 келіде белдескен Шұғыла Өмірбек — күміс, ал, Еңлік Қабылбек қола жүлдегер атанды. Данагүл Мəлкен турнирдің жеңімпазы атанса, Мадина Аман күміс алқаны еншіледі. Нулифар Раймова қола жүлдегер атанса, Шəмшиябану Тастанбек күміс жүлдеге ие болды. 72 келі салмақта шеберлігін көрсеткен Нұржамал Нұрма күміс алқаны місе тұтса, 76 келі салмақтағы жас спортшы қыз Арайлым Алтынбек те күміс жүлдегер атанды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.


Бұл сайыста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тəжікстан балуандарының да мықты екендігі аңғарылды. Олар да жүлделі орындардан көрінді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____________________

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *