Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», — деп жазды Мемлекет басшысы twitter парақшасында.

Айта кетсек, 21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұған дейін Мәдениет минстрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған еді.

https://www.inform.kz/kz/prezident-madeniet-zhane-oner-kyzmetkerlerin-kasibi-merekesimen-kuttyktady_a3652563

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *