Нұрлан Нығматулин: Төтенше жағдай – қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Нұрлан Нығматулин: Төтенше жағдай – қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Нұрлан Нығматулин: Төтенше жағдай – қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президенттің Қазақстанда төтенше жағдай енгізуін– қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту үшін қажетті шара деп санайды. ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше Мемлекет басшысының қолға алған шаралары коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған. «Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде короновирустың таралуына жол бермеу үшін қажет», деп жазды Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында. Мәжіліс спикерінің айтуынша, жағдай бақылауға алынған, алаңдауға негіз жоқ. Нұрлан Нығматулин қазақстандықтар өз денсаулығына барынша мән беріп, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды сақтай отырып қазіргі жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарайды деп сенім білдірді.

https://www.inform.kz/kz/nurlan-nygmatulin-totenshe-zhagday-kazakstandyktardyn-kauipsizdigi-ushin-kazhetti-shara_a3625317

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *