ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУІЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТАН 445 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУІЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТАН 445 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 445 жағдай (393 симптоммен, 52 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 198 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 247 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 6682 адам вакцина алды (I компонент-1774, II компонент-4908). Егу науқаны басталғалы барлығы 360 220 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 256 760 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *