Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайына байланысты мәлімдеме жасады (видео)

Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға арнап мәлімдеме жасады деп хабарлады KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшин. Фото: Алматы әкімдігіАвтор: Нариман Бекболат

Жандарбек Бекшин. Фото: Алматы әкімдігі

«Тек өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 49 дерегі, ал бір апта ішінде 334 дерегі анықталды. Осылайша, жалпы қала бойынша вирус жұқтырған 2790 адам тіркелсе, оның ішінде 10 адам көз жұмды», – дейді бас санитарлық дәрігер.

Ауру жұқтыру статистикасы пандемия ауқымының азаймай жатқанын көрсетеді.

«Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге жауапты қаланың бас санитарлық дәрігері ретінде жаппай іс-шаралар мен митингілерге шақыруға болмайтын атап өткім келеді. Соңғы кездері әлуеметтік желілерде осындай шараларға шақырған мәлімдемелер тарап жатыр.

Қалада жалғасып жатқан эпидемия жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығын қатерге тігу жауапсыздық. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адамдардың көп шоғырланып, жақын байланысқа түсуі азаматтардың жаппай вирус жұқтыруына соқтырады. Ондай жағдай көптеген елдер мен қалалардың басынан өтті.

Митингілер, көп адамның шоғырлануы азаматтардың жаппай вирус жұқтыруына жағдай жасайды. Егер ондай шаралар адамдардың инфекция жұқтыруына әкеліп соқса – ұйымдастырушылар заңға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті, қылмыстық жауапкершілік тартылуы мүмкін.

Мұндай жаппай іс-шаралардың қатысушылары ауру жұқтырса, эпидемиологиялық тергеу шеңберінде оқшауланатын болады. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – жұқпалы аурулар ауруханасына, ал байланысқа түскендер уақытша және карантиндік ауруханаларға жатқызылады», – дейді Бекшин.

Ол барлық азаматтарға, әсіресе, халықтың осал топтарына жататын қарт адамдар мен созылмалы аурулары барларға адамдар көп шоғырланған орындардан алыс жүруге кеңес берді.

«Бұдан бөлек, жаппай ауру жұқтыру қаупін ескере отырып, тиісті қызметтерге адам көп шоғырланатын көшелер мен алаңдарда дезинфекция жұмыстарын күшейтуді талап етемін.

Менің кеңестерім мен талаптарым әр қала тұрғынының денсаулығын сақтау мен қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына бағытталған.

Сондықтан да алматылықтарға үндеу жасай отырып, қоғамның денсаулығы әрқайсымыздың жеке қауіпсіздік шараларын сақтауымызға байланысты екенін айтқым келеді», – дейді қаланың бас санитралық дәрігері.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекциялардың көбею себептеріне пікір білдірген берген болатын.

https://kaz.nur.kz/1859072-beksin-almatydagy-koronavirus-zagdajyna-bajlanysty-mlimdeme-zasady-video.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *