ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына және «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Спорттық шараға қатысушылар 2400 метр қашықтыққа жүгірді. Жарыс жолына шыққан 400-ге жуық мемлекеттік қызметші «Түркістан – арена» стадионына дейін жүгірді. Мәреге жеткен жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтап, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Елге адал қызмет атқарып, спортпен де шұғылданып жүрген түркістандық мемлекеттік қызметкер марафонда күш-жігерлерін көрсеткенін айтып, жарыстың маңыздылығын айтты. Ұлдар арасында бас жүлдені иеленген Түркістан облысының Əділет департаментінің қызметкері Бақдəулет Абдірайымов болса, күміс жүлдені облыстық полиция департаментінің қызметкері Ғабит Елеусіз жеңіп алды. Қола жүлдегер атанған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкері Сырым Үдешов өзінің мықтылығын көрсетті.

 


Қыздар арасында жеңістің шыңын бағындырған Созақ ауданы əкімдігінің маманы Нұршат Батырова алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының қызметкері Балжан Оспанова иеленсе, қола алқаны білім басқармасының өкілі Сымбат Сапарбек қанағат етті. Сонымен қатар, жасы үлкен қатысушылар арасында Сайрам ауданынан келген қызметкер Орынбасар Утепов арнайы жүлдемен марапатталды. «Жеңіске деген құштарлығы үшін» арнайы номинация Кентау қалалық әкімдігінің өкілі Абылайхан Əлиасқарға бұйырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *