ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Алиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды. Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды.
Марат Алиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Прокуратура органдарында тәжірибесі мол, оның ішінде басшылық лауазымдарда. ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.
Осы күнге дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан асады.
Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету қызметінде қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегіүшін Мемлекет басшысының бұйрығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» толуына орай шығарылған мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі