ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ КЕРЕК

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ КЕРЕК

Түркістан қаласында қарқын алған тұрғын үй құрылысын аралап шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Аймақ басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды тиiмдi жұмысқа ынталандыруды тапсырды. Құрылыс алаңдарын аралап, дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды.
Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын толығымен қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған тапсырмаларды тиiмдi жүзеге асыруды межелеп отыр. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үй құрылыс нысандары салынып жатыр. Жоспар бойынша баспаналар жыл соңына дейін түркістандықтарға тапсырылады.
Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты
14 тұрғын үй мен 12 қабатты 29 тұрғын үйдің, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Облыс басшысы қала орталығындағы желілік саябақтың аяқталуға жақын тұрған көгалдандыру жұмыстарын бақылап, аспан астында орналасқан бассейнде болды. Ерекше жоба маусым айында ашылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *