Тауда қалып қойған 3 адам құтқарылды

Тауда қалып қойған 3 адам құтқарылды

2021 жылғы 17 маусымда күндіз Түркістан облысы, Төле би ауданы, Екпінді ауылынан 15 шақырым, «Біркөлік» демалыс аймағында 3 жасөспірім тау бөктерінде демалуға шықты. Олар кешкі уақытта тауға өз беттерінше көтеріледі.

СУРЕТТЕР: ТО ТДЖ
Қараңғы түсіп жасөспірімдер адасып, ата-аналарына хабар береді. 2003 жылғы туылған азамат тауға көтеріліп жатқанда құлап сол аяғын сындырып алған. Жоғалған азаматтардың ата — аналарына«112» нөміріне ақпарат берді.


Құтқару жұмыстарына ТЖД «ЖҚЖ» (4 құтқарушы және 1 бірлік техника), ТЖД (7 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖҚЖ хабар (3 жұмысшы және 1 бірлік техника) шықты. Жарақат алған азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!

— Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.
— Таулы жерлерге бармас бұрын ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.
— Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.
— Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.
— Дененің қызып кетуіне, гипотермиясына жол бермеңіз.
— Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
— Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге компасыңыз болсын.
— Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.
— Бейтаныс маршрут бойынша алғашқы жорық үшін оған барған адамды жолсеріктерден тапқан немесе осы маршрут туралы алдын ала ақпарат табуға тырысқан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауларға жолсеріксіз бармаңыз.
— Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарға кез болып, жартасқа құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні, жазда тастардың құлауы мүмкін.
Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *