ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТАРТЫЛҒАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТАРТЫЛҒАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы электр жарығы жиі сөніп қалатын Нұрсәт тұрғын алабында орналасқан 12 этаждық 8 тұрғын үйге тартылған электр жүйелерін, кабельдерін жұмысшы топпен қарап шықты.

Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге істен шыққан резервтік кабель желісін қалпына келтіруге және жер бетінен талапқа сай тереңдікпен жүргізуге, әр 10 метр сайын кабель желісінің өту жолын көрсететін бағаналар орнатып ескертпе белгілер орнату бойынша тапсырма берілді.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *