ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 8742 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 8742 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай күрделі. Осыған орай қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс қарқынын күшейтті.
Өткен тәулікте 496 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 37 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың барлығы кәсіпкерлік нысан.
Сонымен қатар, 15 шілде күнге КВИ-дің 421 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар-338, ал белгілері жоқ-83. Нәтижесінде, 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 211 адам үй бақылауына алынды.
Айта кетейік, қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2396 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 850 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1427 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 237 төсек орын бар, 139 науқас ем қабылдауда.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 312 974, тәулігіне – 2431.
Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 8742 адам вакцина алды. І компонентін алғандары -4095, ІІ компонентін алғандар- 3647. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 334 438 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 205 678 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Шымкентте эпидахуалдың күрделі болуына байланысты тұрғандардан санитарлық карантин талаптарын қатаң сақтауға, сонымен бірге вакцина салдыруға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі