ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ТОЛТЫРУ КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ТОЛТЫРУ КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды. Жаңа бекеттің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жобаны жүзеге асырған отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-не алғысын білдірді.
Өндірістік компрессордың қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды, бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Жаңа 18 жұмыс орны ашылды. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Олардың санын 5 бағанға дейін арттыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарлануда, бұл
қуаттылықты сағатына 3600 текше метрге дейін арттыруға жəне күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі