ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

slider
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы бірқатар шағынаудандарда инфақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов Ынтымақ-2 шағынауданындағы ауыз су жүйесі құрылысының барысымен танысты. 
Аталған шағынаудандағы инфрақұрылым жүйелерінің мәселесі шаһар басшысының тікелей бақылауында. Таяуда аудан әкімінің қорытынды есебінде де тұрғындар өз мәселелерін жеткізген болатын. 
 
Ауыз су жүйесінің жоба құны –  1 199,6 млн теңге. Мердігер «Компания  Ахмет» ЖШС құрылысты былтыр мамыр айында бастаған еді. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. 
 
Қала әкімі шағынауданның Батыс аумағындағы ауыз су жүйесі құрылысының барысына да куә болды. Ондағы жоба құны –  1 971,8 млн теңге. Мердігер «Мелиоратор»  ЖШС нысан құрылысын биыл аяқтауды жоспарлауда. 
 
Жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған қала әкімі мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы орындауды және уақытында аяқтауды міндеттеді. Тұрғындарға жұмыстың жүйе бойынша, кезең-кезеңімен атқарылатынын түсіндірді.  
 
Аудан бойынша 34 елдімекеннің 22-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Ауданда 4 елдімекеннің – Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжайда құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, жалпы 25 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.
 
Сондай-ақ, шағынауданда 2021 жылы жоба құны 840,4 млн теңге электр желісінің, табиғи газ жүйесінің құрылысы атқарылады. 
 
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *