Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем шілде айына ғана беріледі

Кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған порталдар жұма күні іске қосылатынын айтты.

«Біздің жоспарымыз: жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз», – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін атап өтті.

https://sputniknews.kz/society/20200714/14471000/Enbek-ministri-42-500-tenge.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *