ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 2021 ЖЫЛЫ 10,3 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 2021 ЖЫЛЫ 10,3 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым 7 учаскеден тұрады. Жалпы құны – 36 млрд.теңге.
Бүгінде Сәуле шағынауданына дейін жол құрылысын аяқтауға (І,ІІ,ІІІ,V кезеңдері) жалпы 18,2 млрд теңге қажеттілігі туындауда. 2021 жылға дейін игерілген соммасы – 1,3 млрд.теңге. 2021 жылға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Аталған кезеңдерде 360 учаскені мемлекеттік мұқтаждыққа алу қажеттілігі туындауда.
Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының І кезеңі бойынша 2021 жылға дейін 368,0 млн теңге игерілген. 2021 жылға қаралғаны 61,0 млн теңге, қалған соммасы – 277 млн.теңге. Бірінші кезең бойынша жол жамылғысы, аяқ жол, арықтар, жиектастар, құбырлар орнату жұмыстары орындалды (80%).
Құрылыстың 2-кезеңі бойынша 2021 жылға 5,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 89 учаскені алу қажет. Оның ішінде, коммерциялық нысандар – 34 (сауда нысандары – 33, АЖБ – 1), тұрғын үйлер – 37 (шамамен 1,7 млрд.теңге).
Құрылыстың ІІІ кезеңі бойынша 2021 жылға дейін игерілген сомма –691,0 млн. теңге. 2021 жылға 4,0 млрд.теңге қарастырылған. Қалған соммасы – 1,4 млрд.теңге. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 42 учаскені алу қажет. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 608 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері және 24 бағана орнату жұмыстары аяқталды.
Құрылыстың V кезеңі бойынша 2021 жылға дейін игерілген сомма –210,0 млн теңге. 2021 жылға 935,2 млн теңге бөлу жоспарланған. Қалған соммасы – 9,2 млрд.теңге. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 239 учаскені алу қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңда жер жұмыстары орындалды.