Шымкент қаласында «Скотокрад» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді
Ағымдағы жылдың 5-7 желтоқсан аралығында Шымкент қаласының аумағында мал ұрлығымен күресті күшейту және жедел жағдайды жақсарту мақсатында «Скотокрад» жедел алдын — алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша мал ұрлығымен айналысқан сегіз адам анықталып, мал ұрлығын жасаған 12 адам ұсталды. Ұрланған малдың 16 басы, оның ішінде 3 жылқы, 5 ірі қара мал және 8 ұсақ қара мал анықталды.
Осылайша, Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерінің жүргізген жедел алдын алу іс-шарасы барысында 7 адамды құрайтын топ құрықталды. Бүгінгі күні мал ұрлаудың 5 жайты дәлелденді, 3 ірі қара мал және 8 ұсақ қара мал басы тәркіленді.
Тиісті құжаттарсыз мал шаруашылығын тасымалдаудың 13 жайты анықталды және осы адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Жергілікті өнімді сатып алу және сатудың 43 орнымен тиісті жұмыс жасалды.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі