ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Түркістанда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі  өтті. Ауқымды шараны Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
Кітаптың тұсаукесеріне ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар,  ғалымдар мен журналистер және өзге де азаматтар қатысты. 
Мәдени шараны ашқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген туындылардың маңыздылығына тоқталып, кітаптың құндылығы туралы тілге тиек етті. 
«Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру үшін  тапсырма берген болатын. Міне, осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облысымызда 2 құнды кітап жарық көріп, тұсауы кесілгелі тұр. Бұл екі кітап оқырман үшін өте  қажет дүниелер. Біз өз тарихымыз бен туған өлкеміздің сан ғасырдан бері келе жатқан шежіресін білу арқылы ұлттық болмысымызды, ұлттық кодымызды сақтай аламыз. Бұл кітаптар рухани жаңғыру үшін өте маңызды. Қысқасы, мұндай кітаптар оқырманға жетіп, рухани қазынадан әрбір азамат сусындауы тиіс. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Жансейіт Қансейітұлы. 
Үш тілде шығарылып отырған  «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі  жерлері» атты кітап-фотоальбомда Түркістан облысының тарихи орындары түгел көрсетілген. Мұнда киелі орындар мен ескерткіштер туралы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мәлімет беріліп, суреттермен көмкерілген. 
Ал, «Оңтүстік қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты кітабында  Түркістан облысындағы әулие-әмбиелер мен ел аузындағы тұлғалар туралы аңыздар мен әңгімелер жазылған. Бұл кітапта  көне замандардан сыр шертетін әпсаналар мен қызықты деректер мол. 
Сонымен қатар, осы күні «2017 жыл: айшықты оқиғалар» атты кітап та оқырманға жол тартты. Бұл кітапта өңірдегі өткен жылғы айрықша оқиғалар жазылған. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *