ҚР ЧЕМПИОНАТЫ: ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫЛАР 2 АЛТЫН, 3 КҮМІС 2 ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚР ЧЕМПИОНАТЫ: ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫЛАР 2 АЛТЫН, 3 КҮМІС 2 ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Шымкентте бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл ел біріншілігі жаңа форматта, атап айтқанда, ерлер мен әйелдер бәсекесі бірге өтті.

Ерлер арасында жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы көш бастады. Маңғыстаулық боксшылар биылғы ел біріншілігінде екі алтын, екі қола жүлдеге қол жеткізді. Бір алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алған Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары екінші орыннан көрінді. Жамбыл облысының командасы бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде еншілеп, үздік үштікті қорытындылады.

Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев бұл чемпионатта жастар жарқырап көзге түскенін атап өтті. Даниал Сәбит (СҚО), Махмұд Сабырхан (Шымкент), Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан), Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) сынды жастардың талабын оң бағалады.

Шымкент қаласының спортшылары жалпы 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. 52 келіде Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Фариза Шолтай (81 келі) үздік шықты. Ангелина Лукас (51 келі) финалда есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат етті. Ал Зақир Сафиуллин (63 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Исламбекова (+ 81 келі) қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер боксынан Шымкент қаласы құрамасы үшінші орын алғанын айта кеткен жөн. Бұрымды боксшыларымыз 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай облысынан кейін, үшінші сатыға тұрақтады.

СУРЕТ: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *