Шымкент гарнизонында сержанттар кеңесінің отырысы өтті
Шымкент гарнизонында сержанттар кеңесінің отырысы өтті
Командирлерге жан-жақты көмек көрсету және әскери қызметшілерді тәрбиелеуді жетілдіру үшін Шымкент гарнизонында сержанттар кеңесінің отырысы өтті, оған батальондар, роталар, взводтар мен бөлімшелер сержанттары қатысты.
Кездесу барысында қызметтік жұмысты жетілдіру және сержанттардың жалпы мәдениетін арттыру, жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және командирлерге құрметпен қарау, сондай-ақ лауазымда жоғарылату үшін кандидаттарды қарау сияқты мәселелер қаралды.
Отырыс барысында жауынгерлік даярлық сапасын арттыру, әскери тәртіпті нығайту және әскерлер қызметін ұйымдастыру, офицерлерге жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде жан-жақты көмек көрсету тақырыбы қозғалды.
3-сыныпты сержант Асхат Исаев пен аға сержант Орынбасар Көшербаевты жауынгерлік даярлық пәндері бойынша және жеке құрамды оқытуда қол жеткізген табыстары үшін ашық және жолдастық сын жағдайында кеңестің барлық қатысып отырған мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы бірауыздық шешімімен «батальон сержанты» жоғары тұрған лауазымдарына ұсынылды.
Айта кету керек, сержанттар кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады және әскери бөлім командирінің, сондай-ақ жоғары тұрған Кеңес төрағасының шешіміне шығарылады.
Әскери бөлім сержанттары кеңесінің отырысы тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі, ал сержанттар кеңесінің өзі сержанттар мен сарбаздар құрамына қатысты консультативтік – кеңесші және тәрбиелік сипаттағы функцияларды орындайтын тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік болып табылады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі