«Жанға жылу» қайырымдылық акциясы

Шымкентте «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы бастау алды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Сонымен бірге, Президент қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген болатын. Осының аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы жанынан жасақталған еріктілер ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы бастау алды.
Тұрақты түрде өткізілетін қайырымдылық акциясының алғашқы күнінде еріктілер көмекке мұқтаж  50 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді. Нақтырағы тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, шай, түрлі тәттілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешектер берілді.

Бүгінгі игі іске атсалысқандар қатарында кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары  бар.
Акцияға қатысуға ниетті азаматтар толық ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне (8777 346 77 30/8700 954 29 97) хабарласу арқылы біле алады.
Баршамыз «Жанға жылу» сыйлауға асығайық!

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *