Армениядан әкелінген 308 автокөлік Шымкентте тіркелді

Армениядан әкелінген 308 автокөлік Шымкентте тіркелді

Авторы polisia.kz

Шымкентте армениялық 308 көлік тіркелді, – деп хабарлады Polisia.kz.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, ҚР аумағына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасынан алып келінген автокөліктерді 2020 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейінгі аралықта тіркеу жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы аумағына Армения Республикасынан алып келінген 320 автокөлік рәсімделуге жатады. Ал, бүгінгі таңда 308 автокөлік тіркеліп, өздеріне сары мемлекеттік белгілерін алды. Тіркеуге келген азаматтар төмендегі іс құжаттарды ұсынып жатыр.

– Жеке басты куәландыратын құжатты; – Мемлекеттік баждар төлеу туралы құжаттарды; (жалпы – 11 946 теңге төленеді) – Армения Республикасының уәкілетті органында берілген, көлік құралдарына арналған Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктері мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері; – Сәйкестендіру нөмірінде кемінде 17 белгі болған жағдайда, 018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ұсынады.

 

Сонымен қатар Армения Республикасының алып келген іс құжаттарын мемлекеттік тілге немесе орыс тілінде аудармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына сәйкес сұратылуда.

Тіркелген автокөліктің Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің (тех паспорт), ерекше белгілерінде “Өзге адамға тіркеуге жатпайды” деп көрсетілетін болады.

Тіркеу кезінде, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған Армения Республикасынан алып келінген іс құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің түпнұсқалары, иесімен шешім қабылданған (автокөлік тіркеу немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім) дейін тіркелген Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында сақтауда тұратын болады.

Ал, автокөлікті Қазақстан Республикасынан шығаратын болса, тіркелген жердегі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Қазақстан Республикасының КҚТК мен МТНБ өткізіп, Армения Республикасынан алып келінген іс құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің түпнұсқалары иелеріне қайтарылады.

//polisia.kz/armeniyadan-akelingen-308-avtokolik-shymkentte-tirkeldi/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *