ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТОҒЫЗ АЙДЫ ҚОРЫТТЫ

Шымкент қаласында  2019 жылғы 9 айында шұғыл өрт қауіпті жағдайы бойынша Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Дағдарыс орталығында  департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов және оның орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жаксибаев сөз сөйледі.

Көрсетілген мерзімде қалада 166 (2018ж.) өрт орын алып, одан 273 млн. 590 мың теңге (2018ж. — 258 млн. 190 мың теңге) материалдық шығын келтірілген. Өрт салдарынан 5 адам қайтыс болған (2018ж.- 3 адам), 5 адам жарақат алды (2018ж.- 8 адам). Құтқарылған материалдық құндылықтардың сомасы 694 млн. 356 мың теңгені (2018ж. — 697 млн.640 мың теңге) құрады. Өрт кезінде қызметкерлер 32 адамды құтқарды, 90 аса адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бір апта ішінде (2019 жылғы 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін) департамент бөлімшелері 102 шығу жасады: оның ішінде: өртке – 5, жану оқиғаларына — 41, кезекшілікке — 22, өрт-тактикалық сабаққа — 3, өрт-тактикалық оқу-жаттығуға-1, Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару асағы – 16 рет, Медицина апаттар орталығы -19 рет шыққан. Қала бойынша 2 ТЖ тіркелген, атап айтқанда:

ағымдағы жылдың 5 қазанында сағат 17.16-да Қожанов көшесінде орналасқан «Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында қойма бөлмесінің жануы. «Орда» ЖШС аумағындағы өртпен бір мезгілде Капал-батыр көшесі бойында еркін-экономикалық аймақтың аумағында мақта өңдеу цехының жануы («Мерри Компаний» ЖШС тиесілі»). Сол күні сағат 00.40-та Күнбатыс көшесінде еке тұрғын үйлерде өрт орын алғандығы туралы хабар келіп түскен.

Қожанов көшесіндегі өртті сөндіру қиынға түсті, себебі объект кернеу астында (380 В) болған, екі жағынан ғимаратқа электр кабельдері тартылған. Объект сағат 17:39-да, яғни бірінші бөлімше келген сәттен бастап 21 минуттан кейін токтан ажыратылды.

Учаскелерді сумен қамтамасыз етілуі 250 м қашықтықта орналасқан Қожанов көшесі бойындағы өрт сөндіру гидрантынан, объектінің аумағында орналасқан көлемі 250 м3 өрт сөндіру су айдынынан, сондай-ақ сыйымдылығы 8 және 10 тн » ЛТД тұрмыс» ЖШС-ның 5 бірлік су тасығышымен жүзеге асырылды. Объект аумағында сусыз 2 өрт гидранты бар.

Бүгінгі таңда, қала аумағындағы көше бойларында жалпы 3777 дана өрт сөндіру гидранты есепке алынған, барлық өрт гидранттардың техникалық жағдайына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерулердің қорытындысы бойынша жалпы 1423 (35%) өрт гидранттары жарамсыз екені анықталды.

2019 жылдың жарты жылдығында мұнай базалары мен АЖҚС — барлығы 124 нысанды тексеру жоспарланған.

Бүгінгі күні 105 нысан тексерілді,651 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, 28 әкімшілік іс қозғалды.

Шымкент қ. ТД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *