Шымкентте TikTok арқылы заңсыз ойын ұйымдастырған ер адам ұсталды
Шымкентте TikTok арқылы заңсыз ойын ұйымдастырған ер адам ұсталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Шымкентте TikTok әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру дерегі анықталды, — деп хабарлады Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнын тексеру барысында «интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен «Тринка Шамай» ойынын 1995 жылғы ер адамның ойнатқаны анықталды.
Ол тікелей эфир арқылы ойнатқан TikTok аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуімен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс адамдардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын айтты.
Қарап-тексеру барысында ұялы телефондар, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды.
Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында кейінгі бір ай ішінде жалпы ақша қаражаттарының айналымы 15 миллион теңге болғаны анықталды.
Бұзушылықтың мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмысты-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz