ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЫРЫС» МҚҰ ҚЫРУАР ЖҰМЫС АРТҚАРУДА

Түркістан облысындағы төменгі пайызбен несие беретін «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2017 жылы 6 599,7 млн. теңгені құрайтын 2293 жобаға қаржы бөлген. Ал 2016 жылы жалпы сомасы 4 831,3 млн.теңгеге 1979 жобаны қаржыландырған.

Өз кәсібін бастаймын немесе әрі қарай дамытамын деген кәсіпкерлерге төменгі пайызбен қол жетімді несие беретін ұйым, қаржыландырудың басым бөлігін ауыл шаруашылық саласы мен әлеуметтік маңызы жоғары болып саналатын жобаларға бөліп келеді.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттан бөлек басқа да қаржы институттары арқылы әр түрлі бағдарламалар аясында қаражат тартып, несие ретінде кәсіпкерлерге үлестіреді. Мәселен,  «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы мен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 — 2021» бағдарламасы аясында, өткен жылы қаржы институттары арқылы тартылған қаражатты толығымен игеріп, 1042 жобаға 3 164,1 млн. теңге несие таратты.

Айта кетейік,  ұйым жұмысын бастаған осы уақытқа дейін жалпы соммасы  29,6 млрд. теңгені құрайтын 16 139 жобаға қолдау көрсеткен. Ырыстан қолдау тапқан жобалар аясында  14 193 жаңа жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар, 2018 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының еншілес ұйымы «Ырыс» микроқаржы ұйымы жаңадан «ЫРЫС — ӨРКЕНДЕУ» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн. теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *