Назарбаев екі медициналық орталық салуға қаржы бөлуді тапсырды
Назарбаев екі медициналық орталық салуға қаржы бөлуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Elbasy.kz сайтындағы мәлімет бойынша, кездесу барысында Назарбаев бүгінгі экономикалық дағдарыс қордың барлық компаниясына әсер еткенін айтты.
«Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Самұрық-Қазына» қорының ішкі резервінен ірі мегаполистерде — Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналады. Бұл қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарын қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты және қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға шақырды.