САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Ауданда мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарын іске асыруға, жастарды қолдау және жан-жақты дамуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат», «Өмір сен маған қымбатсың», «Өмір жаратқанның аманаты» тақырыптарында қала, кент, ауыл және ауылдық округтер мен арнаулы орта оқу орындарында 47 рет кездесулер мен семинар тренингтер өтті. Кездесулер мен семинар тренингтерге 5120 жас қатысты. Ауданда оқушылар мен жастар арасында нашақорлықтың және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мүшелерімен бірге ауылдар мен кенттерде және арнаулы орта орта оқу орындарында кездесулер өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі қолдану және оның денсаулығына келтірер зияны, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыруға, спортпен айналысуға үйрету келеңсіз жағдайлардың алдын – алу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 63 рет кездесулер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ауданда “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” шеңберінде жалпы бағдарламаға 7916 адамды қатыстыру жоспарланған болса, оның ішінде 16-29 жас аралығында 1942 жас азаматты бағдарламаның бағыттары аясында әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. Ағымдағы жылдың 12 айлығында 3540 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. (жылдық жоспар 182 %-ға орындалды)

Ескерту мәліметтер Түркістан облысының Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми сайтынан алынды. (http://saryagashakimat.gov.kz )

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *