ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ
Бүгінгі таңда, яғни 2018 жылдың І жартыжылдығында «Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мәліметіне сүйене отырып Түркістан облысында 689 мәдениет және өнер мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Оның iшiнде: 390 кiтапхана, 249 мәдениет үйі мен клуб мекемелері, 25 музей, 1 көркемсурет галереясы, 8 кәсіби театр, 7 саябақ, 3 орталық саябақ, 1 облыстық филармония, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 «Оңтүстік-Цирк» мекемесі, 1 «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі, 1 көрме орталығы, 1 зообақ бар. Сәйкесінше есепті мерзімде клуб мекемелерінде-2982, кітапханаларда-4851, музейлерде 212-ге жуық мәдени іс-шара өткізілген.
Түркістан облысындағы негізгі мәдени іс-шаралар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткізілгенін байқадық. Бұдан бөлек 2018 жылдың 6 айында 1 республикалык 14 облыстық деңгейдегі мәдени іс-шара өткізілген. Мысалыға атап өтер болсақ: «Арай-2018» жас эстрада әншілері мен іс-шара жүргізушілердің байқауы, Қазығұрт ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз Қазығұрттан басталады!» мәдени-көпшілік іс-шарасы, дәстүрлі «Наурыз» ақындар айтысы, «Театр көктемі-2018» облыстық фестивалі, «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі, «Бұраң бел» бишілер байқауы, «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы, «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілген. Барлығы – 14 980 мәдени іс-шараны құраған. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда іс-шара саны 8% артқандығын байқалды.
2017 жыл қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық экономика минстрлігі Статистика комитетінің мәліметінше Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ойын-сауық және демалыс саябағының жалпы саны 143 бірлікті құраған. Аумақтық бөліністе ойын-сауық және демалыс саябақтарының ең көп саны Түркістан облысында (42 бірлік) орналасқан деп хабарлайды. Бұдан шығатын қорытынды Түркістан облысында мәдениет саласының дамуына облысымыз баса назар аударып отыр. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық және демалыс саябақтарына келушілердің саны бойынша ең көп Алматы қаласы (7510,8 мың адам) мен Астана қаласының саябақтары (2988,2 мың адам) және үшінші орында Түркістан облысында (2325,5 мың адам) болып жоғары нәтиже көрсетіп тұр (Диаграмма-1).
(Диаграмма-1) Бос уақыт объектілеріне келушілер саны