Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы 22 елді мекенге көгілдір отын тартылды. Нәтижесінде 2 мың отбасы, яғни аудан халқының шамамен 80 пайызы табиғи газбен қамтылатын болды. Келесі жылы тағы 7 ауыл от жағып, күл шығарудан арылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған сапары кезінде мәлімдеді деп жазды NewsRoom+ ақпарат агенттігі.

Аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы газдандыру мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті.

«Бүгінге дейін Отырар ауданында табиғи газ болмаған. Міне, осы мәселені шешу үшін тиісті шаралар атқарылуда. Биыл Шәуілдір және Темір ауылдарында құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Мұнан бөлек Ш.Қалдаяқов, Ескі Шілік, Жаңа Шілік және Ақтөбе елді мекендерін газдандыру жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жақын күндері басталғалы тұр. Жалпы айтқанда көп ұзатпай ауданды толық газбен қамтуды ойлап отырмыз», – деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда Сырдарияның сол жағалауындағы 12 елді мекенді газдандыруға жобалық сметалық құжатын дайындау үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылған. Қорытындылай келе Елбасының тапсырмасы аясында Түркістан облысы қарқынды жұмыс жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *