9 АЙДА 21 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ
9 АЙДА 21 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ
Әл-Фараби ауданы әкімдігі тарапынан ауданға инвестиция тарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан бойынша 2021-2025 жылдарға кәсіпкерлер тарапынан 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрайды.
2021 жылға инвестиция көлемі 25 млрд теңге 96 жобаны іске асыру жоспарланып, 1500 жаңа жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Оның ішінде, қазірге дейін 74 жоба нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, қазан айының қорытындысы бойынша 21 млрд теңге инвестиция тартылды.
Айта кетсек, 2021 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 20 832-ге жетті. Бүгінде жұмыс істеп тұрғаны – 17 340.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі