Еркін күрес шеберлері турнирде 1 күміс, 4 қола медаль алды

Еркін күрес шеберлері турнирде 1 күміс, 4 қола медаль алды

Қырғызстанда рейтингтік жарыс аяқталды

фото: ашық дереккөз

Қырғызстанның Бішкек қаласында Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды, деп хабарлады halyq-uni.kz

Турнирдің соңғы күні еркін күрестен ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Сырбаз Талғат (70 келі) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп – 3:2. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге ие болды.

Осының алдында еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *