ЖАС САРБАЗДАР МЕРГЕНДІГІН ШЫҢДАДЫ
Жас сарбаздарға арналған алғашқы оқ ату
Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан Шымкент гарнизонының әскери бөліміне келген жас буын алғаш рет жауынгерлік атыстарды орындады.
3-сынып сержанты Жақсыбек Мақсат жаңадан шақырылған жас сарбаздармен практикалық оқ атуды орындау алдында нұсқаулық өткізді. Айтып кетсек, сержант Жақсыбек «Үздік рота сержанты» және » Үздік батальон, дивизион сержанты» номинациялары бойынша Қарулы Күштердің бүкіләскери конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.
Бүкіләскери сайыстың бірнеше рет жеңген сержантпен әңгімелесуден кейін жас буын практикалық оқ атуды орындады. Жауынгерлердің көпшілігі үшін автоматтан оқ ату алғаш рет болса да, олардың көпшілігі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, командирлерінен мақтау сөздерін естіді.
Атыс нәтижелері бойынша жас буын жақсы нәтижелер көрсетті. Жас сарбаздар арасында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы Мақұлбеков Диас, Қожамсейтов Талғат және Ивлев Роман үздік деп танылды, олар АКС-74-тен 95, 88 және 87 баллға бақылау атыстарының төртінші жаттығуын орындады.
«Калашников автоматын алғаш рет қолға алған сарбаз үшін бұл тамаша нәтиже. Олардың өз Отанының тамаша қорғаушысы болуға мүмкіндігі бар», — деп атап өтті атыс жетекшісі, аға лейтенант Ізімжанов Батыр.
Атыстан кейінгі алғашқы әсерлерімен мерзімді қызметтегі қатардағы Әділ Галимов бөлісті, – « «ату» командасынан кейін менің барлық қызметтестерім және мен де, бізді үйреткендей, мұқият көздеп,дем шығару кезінде баяу ілгекті басқан сәтте, кенеттен құлағыма атыстан шыққан қоңыраудың даусы қатты шықты, бүкіл денем тітіркеніп кетті. Шынымды айтсам, мен бірнеше секундт қимылсыз қалдым, бірақ есімді кейін мен атуды жалғастырдым. Бұл атудың ең қарапайым түрі, егер мен мұндай жаттығуды орындай алмасам, Отан қорғаушысы деп өзімді қалай атай аламын, мен өзіме қайталадым».
Жас сарбаздар әскери істі үлкен қызығушылықпен оқиды, ал олардың командирлері өз шәкірттеріне әскери қызмет туралы көбірек айтып, бар тәжірибесін жеткізуге тырысады. Мүмкін, бір жыл мерзімді қызмет еткеннен кейін біз бұл жігіттерді болашақта Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында сержант, офицер және мүмкін генерал ретінде кездестіреміз, олар әскери қызметті жалғастыру және өз Отанын кәсіби деңгейде қорғау үшін білімі, шеберлігі мен дағдылары жеткілікті.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі