БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Нұрбахыт Насырұлы 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған. Білімі жоғары. Экономика, Техника ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1996 жылы «Водоканал» басқармасында фрезеровщиктен бастаған. «Ақ бұлақ сервис» МКК техник, мастер болған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің индустрия және энергетика департаментінің жетекші маманы қызметін атқарған.
2000 – 2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің энергетика басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, Шымкент қаласы әкімшілігінің энергетика және коммуналдық қызмет бөлімі бастығы орынбасарының м.а. қызметін атқарған.
2002 – 2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрия, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
2004 – 2006 жылдары Арыс қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2006 – 2013 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі қызметін атқарған.
2013 жылдың қараша айынан бастап «Kontinentalstroi» ЖШС атқарушы директоры болып еңбек етіп келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі