ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ КЕҢЕСІ ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы аясында Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумы басталды. Аталмыш форумды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастыруда. Форумға Әзірбайжан, Қырғыстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан Республикасының өзге облыстарынан жас делегаттар, белсенді жастар қатысуда.  Аталған форумның ашылу салтанаты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы М. Қожахмет, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Отарбаев, TUGVA Түркия Республикасы Жастар қорының президенті Э.Эминоглу, Ислам ынтымақтастығы Жастар форумының президенті Т.Айхан қатысып, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Форумның мақсаты – өңірдің дамуы мен жастар саясатын дамыту барысында тәжірибе алмасу, облыстың туристік әлеуетін арттыруға қосымша серпін беру, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достық қарым-қатынасты дамыту.

Форум аясында жастардың кешкі еркін тақырыпта кездесулері, «Opentalks» форматындағы секциялық жұмыстары, қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсиясы ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумының ашылу шарасында Түркі жастарының салтанатты шеруі және  «Түркістанға оралу» түркі халықтарының этно-өнер фестивалі  басталды.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған этно-өнер фестивалі түркікітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізуді көздейді.

Фестиваль барысында түркітілдес халықтарының этнофольклорлық  ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетеді.

Бауырлас елдің басын қосқан ауқымда шарада жиналған қонақтар Түркі халықтарының қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *