ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ШАТЫРЛАРЫНДА ДЕМАЛЫС НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ
ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ШАТЫРЛАРЫНДА ДЕМАЛЫС НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан қаласындағы әкімшілік – іскерлік орталықтағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларында бірегей жаңа жобалар бой көтереді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен, 9 қабатты тұрғын үйлердің төбесінде заманауи демалыс нысандары мен алаңқайлар, спорт алаңдары салынбақ. Құрылыс жұмыстары барысында әлемдегі дамыған елдердің тәжірибелері ескеріліп, Түркістанның ерекше сәулеттік келбеті сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің төрғалық етуімен өткен апталық мәжіліс барысында айтылды.
Түркістанда биыл пайдалануға берілетін ірі нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Қ.А.Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен абаттандырылуда. Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, желілік саябақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасы, сауықтыру кешені, Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту және дендросаябақ нысандары бойынша құрылысы жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі