Алматыда дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехтан 100 тонна күмәнді өнім табылды

Алматыда дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехтан 100 тонна күмәнді өнім табылды

Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Сурет : 24.kz24

23 шілдеде Алматыда контрафактілік дәрі-дәрмектер өндіретін жасырын цех анықталды, деп хабарлады zakon.kz.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен бірлесіп қалада дәрі-дәрмектердің сыртқы қорабын дайындайтын баспахана, өндірілген заңсыз өнімді сақтайтын қойма, сондай-ақ күмәнді дәрі-дәрмектерді даярлайтын жасырын цех анықталды.

Нәтижесінде 100 тоннадан астам күмәнді дәрі-дәрмектер тәркіленді. Көбіне мынандай маркадағылары: Ротоцеф, Солкасерил, Регидрон Оптим, D3 Никомед, Цефамед, Цераксон, Цефазидин және т.б.

Осылайша, құқық қорғау органдары күмәнді дәрі-дәрмектерді еліміздегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз сату әрекетінің жолын кесті. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

— Қалалық прокуратураның үйлестіруімен мобильді топтар қаладағы дәріханалар арқылы белгіленген бағадан асыра сату фактісі бойынша 109 құқық бұзушылықты анықтады, 109 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізілген рейд аясында 1000 пакет көлеміндегі дәрі-дәрмектер алынды және 8,5 миллион дана медициналық маскалар тәркіленді, олар қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырылды, — деді ведомствадағылар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *