ҚАЙТАРЫМСЫЗ БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМДЕР КАБЫЛДАНУДА

ҚАЙТАРЫМСЫЗ БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМДЕР КАБЫЛДАНУДА

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қоғамдық қабылдауға өтініш білдірген тұрғындарды онлайн қабылдады.

Тұрғындардың басым көпшілігі жеке кәсібін ашу мен қайтарымсыз берілетін гранттарды алу бойынша кеңес алып, бизнестеріндегі кедергілерді жеткізді.

Айта кетсек, 7 мамыр күні «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталған болатын. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет.

Құжаттарды 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады.
Қосымша ақпараттар үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады 8 (7252) 24-75-12, +7 (777) 527-50-69.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *