БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ КАРЬЕР ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ КАРЬЕР ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының тұрғындарынан Бадам өзенінің жұмыстарына байланысты өтініш келіп түскен болатын. Осыған сәйкес аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық прокуратура, полиция және қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесу барысында Бадам өзенінен тас алу мәселесі талқыланды. Тұрғындардың айтуынша алабтағы жұмыс істеп жатқан карьер жер асты суының төмендеуіне әсерін тигізуде. Осыған орай құдықтан су ішіп отырған тұрғындар сусыз қалып отыр.

Тұрғындардың көтерген мәселесіне орай Жайлы ортаны дамыту басқармасының тарапынан карьерде жұмыс жасап жатқан мекемемен келісімшарт бұзылды. Осыған сәйкес, тиісті мекемелердің тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін Бадам өзенінен тас алу жұмыстары тоқтатылды.


Алдағы уақытта заңға сәйкес шешім қабылданып, прокуратура тарапынан қадағалантын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *