Өзбекстаннан заңсыз пестицидтер алып кірмек болған ҚР азаматы ұсталды
Өзбекстаннан заңсыз пестицидтер алып кірмек болған ҚР азаматы ұсталды
Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеру барысында, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар анықталды.
«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз жүк қолға түсірілді. Декларацияланбаған тауардың жалпы құны 2 млн.теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлады zakon.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түн жарымында Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеру барысында, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар анықталды. Қазақстан азаматы шекара арқылы «AKARA BIO препараты» (акарицид) пестицидтерін заңсыз алып өтпек болған. Одан 50 қаптама табылды, олардың әрқайсысында бес литрлік 4 ыдыстан бар. Заңсыз тауардың құны 1 454 545 теңгені құрайды.
Бірнеше күн бұрын дәл сол кеден бекеті арқылы басқа Қазақстан азаматы декларацияланбаған темекі бұйымдарын алып өтпек болған. Оның автокөлігі Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан және кедендік тексеру кезінде жасырылған 600 қорап «Heets» темекісінің стиктері табылды. Анықталғандай, ол оларды Ресей Федерациясынан алып келе жатқан.
Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларвн жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.