Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
Шәріп Берік Шәріпұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
ҚР Премьер-Министрінің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Е. Есқалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді.
2003-2006 жж. — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры.
2006 жылдан 2008 жыл аралығында «ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ басқарма төрағасы болды.
2008-2009 жж. — «ҚАЗТЕМІРТРАНС» президенті.
2009 жылдан 2010 жыл аралығында — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі.
2010-2011 жж. — «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президент кеңесшісі.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында — «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.
2013-2015 жж. — «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағы» ЗТБ бас директоры.
2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Біріккен көлік-логистикалық компания» ААҚ бірінші вице-президенті болып еңбек етті.
2016-2018 жж. — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Көлік және логистика» салалық дирекциясының директоры».
2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
ҚР Премьер-Министрінің келісімі бойынша Шәріп Берік Шәріпұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Берік Шәріп 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Астана қ. Қазақ мемлекеттік медицина академиясын, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Түрлі жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2009-2012 жылдары — «СК-Фармация» ЖШС Департаментінің бас заңгері, бас менеджері, бөлім бастығы, басқарушы директоры.
2012-2017 жылдары — «ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.
2017-2018 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары.
2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы сәуір аралығында – «СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары – басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
2020 жылғы сәуір айында «СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды.