Шымкентте полицей блокпосттан кедергісіз өткізгені үшін пара алу күдігіне ілікті
Шымкентте полицей блокпосттан кедергісіз өткізгені үшін пара алу күдігіне ілікті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте блокпосттан кедергісіз өткізгені үшін пара алу күдігіне іліккен полицей ұсталды. Бұл туралы ондайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі
Оның сөзіне қарағанда, Шымкент қаласы Полиция департаменті жол-патрульдік полиция полкінің полицейіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол елдегі төтенше жағдайға байланысты қызметтің күшейтілген тәртібіндегі жұмысы кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен 25 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
Аталған ЖШС өкілін рұқсат құжатынсыз көше бойындағы ішкі блокпосттан кедергісіз өткізуге, сондай-ақ ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға келіскен.