COVID: әлемде 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
COVID: әлемде 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
Қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 17 вакцина адамдарға салынып, сынақтан өткізіліп жатыр,деп хабарлады 24.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, сынақтан өткізіліп жатқан вакциналардың әрқайсысы әртүрлі кезеңде, деп хабарлады DW.
«Қазіргі уақытта Оксфорд университеті әзірлеген AZD1222 вакциянасы ең перспективалы вакцина болып табылады. Ол клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне бірінші болып кірді, яғни оның қауіпсіздігін анықтау үшін ол көптеген адамға салынды», — делінген ДДСҰ хабарламада.
Тағы бес ықтимал вакцина сынақтың екінші кезеңінде, яғни олар белгілі бір аурулары бар аздаған адамға салынып жатыр. Ал санақтың бірінші кезеңде вакциналар сау адамдарға салынып, тексеріледі.
Ғалымдар жылдың соңына дейін қандай да бір вакцинаның қолжетімді болатын-болмайтынын болжай алмай отыр. Әдетте вакцина жасау үшін 10-15 жыл қажет.
Бұған дейін ДДСҰ әлемде COVID-ке қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын хабарлаған еді.
Осы категория бойынша: « Еуропа бірыңғай төлем жүйесіне көшпек Ресейде коронавирустан бір тәулікте 176 адам көз жұмды
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/406792-covid-lemde-17-vaktsina-syna-tan-tkizilip-zhatyr